Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттікпен бірге, Шымкент мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының лауазымды тұлғаларын әшкереледі.
Олар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 80 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара беруге әрекет жасады деп күдікке ілінді, — делінген агенттің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Аталған тұлғалар ұсталып, Шымкент полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
