Адам қиялының жетпейтін жері жоқ. Мысалы, американдық суретші әрі мүсінші Роберт Векслер (Robert Wechsler) монеталардан күрделі геометриялық фигуралар жасап шығарған. Ол американың ұсақ тиындарын (пенни) және Канада, Белиза, Гонконг мемлекеттерінің монеталарын қолданады. Суретші өзінің айтуы бойынша, бұл іске “ішкі жасырынған мүмкіндіктерін ашу үшін және күнделікті жалықтырар іс-әрекеттерден бойын аулақ салу мақсатында” барған екен. Сөйтіп, ол стереотип санасын бір сілкіндірмек болған көрінеді. Роберттің талпынысы өз нәтижесін беріп, бүгінгі таңда ғажайып өнер туындылары көпшілік сұранысына ие болуда.

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!