Президент Қазақстан халқы саны 19 миллионға жеткенін хабарлады

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында жазды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да