Бір тәулікте 7 519 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус жұқтырып, ауырғандар Алматы (+1 558) мен Нұр-Сұлтанда (+1 351), Қарағанды облысында (+895) көп тіркелді.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

  • Нұр-Сұлтанда —  1351,
  • Алматыда — 1558,
  • Шымкентте – 502,
  • Ақмола облысында – 257,
  • Ақтөбе облысында — 365,
  • Алматы облысында — 315,
  • Атырау облысында — 381,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 302,
  • Жамбыл облысында — 181,
  • Батыс Қазақстан облысында — 163,
  • Қарағанды облысында — 895,
  • Қостанай облысында — 270,
  • Қызылорда облысында — 198,
  • Маңғыстау облысында — 223,
  • Павлодар облысында — 307,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 141,
  • Түркістан облысында — 110.

Сонымен қатар елімізде бір тәулікте 3 554 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Барлығы 492 689 адам COVID-19-дан сауығып шықты.

Қазақстанда бүгінге дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 530 789 адам, 2-компонентін 4 084 463 адам салдырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да