JUSAN BANK-тің кредиттерді қайта қаржыландыруы— бұл «өткен» өміріңізді де ретке келтіру әдісі! Екі жыл бұрын жиһазды бір банк арқылы сатып алдыңыз, тамыз айында мектепті басқа банк арқылы төледіңіз, өткен тоқсанда көлікті жөндеу ақысы үшінші банк арқылы төленді. Деректемелерде, төлем күндері мен кестелерінде шатаспаудың амалы қандай?

Қаржылық міндеттемелеріңізді бір банкте біріктіру қажет!

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қайта қаржыландыру бағдарламасы сізге бағдарламаның ең жоғары сомасы шеңберінде екінші деңгейлі банктердің кез келгеніндегі негізгі қарыз сомасын толықтай не ішінара өтеуге мүмкіндік береді. Барлық міндеттемелеріңіз JUSAN BANK-тегі шотыңызға ыңғайлы өтеу кестесімен бір пайызбен біріктірілетін болады!

Бұл қаншалықты жылдам жұмыс істейді?

Қайта қаржыландыру бағдарламасы JUSAN мобильді қосымшасында қолжетімді. Жүктеңіз, тіркеліңіз және сұраныс жіберіңіз!  Қосымша тексеріп, экранға бағдарлама шарттарына сәйкес келетін қарыздарыңызды көрсетеді. Бір немесе бірнеше қарыз таңдауға және бірден сұранысты қарастыруға жіберуге болады! Өтінім бойынша шешімді сіз бірнеше минут ішінде аласыз!

Расымен онлайн!

JUSAN қосымшасы – қаржылық міндеттемелердің ортақ есептік жүйесімен байланысу мүмкіндігі, сол себепті, жеке басыңызды растаудың электронды процедурасынан өткеннен кейін бағдарлама экранға қолданыстағы қарыздарыңызды шығарады. Анықтамалар жинаудың, банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ – ЭЦҚ шығарудан шартқа қол қойғанға дейін қажеттінің барлығы JUSAN қосымшасының электронды базасына енгізілген, бұл деректеріңізге тез арада талдау жасалатынына және жылдам ақша қозғалысына кепілдік береді. 

Оған қоса, қайта қаржыландыруды ресімдеу барысында қосымша қарыз қаражатын алуға өтініш қалдыра аласыз – ұйымдастырушы үшін комиссиясыз, сақтандырусыз және қамтамасыз етусіз экспресс кредитті сіз қайта қаржыландырумен қатар бір сессия барысында ресімдей аласыз.  

Расымен тиімді!

JUSAN BANK-тің қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірыңғай қаржылық портфельге өзіңіздің басқа екінші деңгейлі банктердегі өтеу мерзімі 6 айдан 5 жылға дейін мерзімді құрайтын 50 000 теңгеден 6 000 000 теңгеге дейінгі қарыздарыңызды жинақтай аласыз. Біріктірілген кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 17%-дан басталады.

Оған қоса, ай сайынғы төлемдерді уақтылы төлеген жағдайда, сізге міндетті түрде төлем сомасынан 1%  мөлшерде кэшбек беріледі.

Ұқыптылық — бұл тек сыпайылық емес, тиімділік те!

Шынымен Сіз үшін!

Сіз өтелетін қарыздар санын, төлемдер уақыты мен кестесін таңдай аласыз, жоспарыңыз жүйені қанағаттандырмаса да,  сізге автоматты түрде мүддеңіз бен бағдарлама шарттарына барынша сәйкес келетіндей басқа икемді нұсқалар ұсынылатын болады!

Егер сіз әлі  JUSAN BANK клиенті болмасаңыз, алайда қайта қаржыландыру бағдарламасына қызығушылығыңыз болса, бар болғаны  JUSAN қосымшасына тіркеліңіз – жүйе сізге виртуалды шот ашады, ал картаны өзіңіздің таңдауыңыз бойынша үйге немесе кеңсеге курьер жеткізетін болады.

Бұл қарапайым процедура сізге JUSAN BANK-тің өнімдерін пайдалану мүмкіндігін береді!

Дәл қазір таптырмас уақыт!

Өзімізге беретін уәделеріміз, басқалар алдында өзімізге алатын міндеттемелеріміз бар. Біріншісін кейінге қалдырамыз, ал екіншісін өзімізді күштеп болсын орындаймыз. Дегенмен, әрдайым «қалайтын» және «қажеттінің» арасында ортақ шешім табуға болады. Бұл үшін қазір таптырмас уақыт!

JUSAN BANK-тің кредиттерді онлайн қайта қаржыландыруы — бұл сіздің уақытыңыз бен ақшаңыздың мінсіз теңгерімі. Бұл сізге ай сайынғы бюджетіңізді реттестіруге және алдағы уақыттағы жағымды және міндетті шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қайталанатын әрекеттерді біріктіріңіз, үш логинді бір логинге ауыстырыңыз, осыдан кейін дүйсенбіде расымен жаңа нәрсе бастауға күшіңіз бен уақытыңыз табылатыны анық!