Банк депозиттері сыйақысын азайтты

Қаржы ұйымдары мұндай шараға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шешімінен кейін барып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айының соңында Кепілдік беру қоры 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары бойынша банк депозиттерінің ең жоғарғы сыйақы мөлшері 14 пайыз болатынын хабарлаған еді. Ал қазір нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты теңге депозитінің мөлшерлемесі орта есеппен 2-2,9 пайызға төмендеп отыр.

Александр Терентьев, ҚР Ұлттық банкінің басқарма басшысы: — Екінші деңгейлі банктер өз жарнамаларында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетеді. Бұл бір немесе одан да көп пайызға жоғары. Ал іс-жүзінде салымшы қолына номиналды сыйақыны алып отырды. Қарапайым азаматтар сыйақының осы екі түрін көп шатастырады. Сондықтан оларды біріздендіру туралы шешім қабылданды. Енді банктер өздерінің депозиттерін жарнамалайтын кезде тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуі тиіс.

Дереккөз24.kz