Шілде айының соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде найзағай ойнайды. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41°C, солтүстік пен шығыста 23-33°C, орталықта 25-37°C жылы болады.

Айта кетейік, мұның алдында 27-29 шілде күндері күн салқындайтынын хабарлаған едік.