Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

24-26 шілде: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Pixabay.com

Болжам бойынша, алдағы үш күнде елдің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Мұндай ауа райы атмосфералық ауа ағымдарының өтуімен байланысты.

24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде солтүстікте найзағай жарқырап, нөсер жауын жауады, екпінді жел соғады, бұршақ, дауыл болжануда, — делінген хабарламада.

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады.

Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Ал солтүстікте, керісінше, 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.