Алматы әуежайы жолаушыларды рейске алдын ала келуге үндеді

Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.

Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады.

Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кетейік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.