Әйгілі The New York Times басымылы 2017 жылы Қазақстанға саяхаттауға кеңес берді

The New York Times америкалық басылымы 2017 жылы саяхаттауға кеңес берілетін әлемнің ең қызықты жерлерінің тізімін жасады. Қазақстан бұл рейтингте 52 елдің ішінде 26 орынды иеленді.

«Астана 2017 жылы EXPO World 2017 көрмесін қабылдайды. Ол энергетика саласындағы болашақтың идеяларын алға тартады және таза энергиядан қуат алатын павильонның «үйіне» айналады», — деп жазады The New York Times.

Басылым Тянь-Шань тауларының 2016 жылы ЮНЕСКО әлемдік мұралар тізіміне енгендігін еске салады. The New York Times рейтингінде алғашқы орында Канада, Чили (Атакама шөлі) және Үндістан (Агра) тұр.

Ал, ең соңғы орында Венгрия (Будпешт), АҚШ (Нью-Йорктағы Оңтүстік Бронкс) және Жапония (Рюкю аралы) бар.

ДереккөзSputniknews