Нұр-Сұлтанда 6 шілдеде қала күнін атап өтуге тыйым салынды

Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуына қарағанда, барлық тамақтандыру қызметі «қызыл» аймақ критерийлері бойынша таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғандар науқастану деңгейінің 65% немесе 1 400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиология ахуалының нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады, — деді қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, астана аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ashyq жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Алайда көрермендердің қатысуымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.

Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым қойылады, — деді қаланың бас санитар дәрігері.