Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқаруы мүмкін

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев аталған қызметтен бас тартуға құқы бар. Ұсыныс Үкіметтің 15 маусымдағы қаулысында бекітілген.

Құжат келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылды:

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне – Елбасыға өмір бойы ассамблеяны басқару құқығы беріледі, одан ол бас тартуға құқылы», — ұсынылған құжаттың 5-1 тармағы осы ережемен толықтырылуы керек делінген.

Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясының ережесі туралы «Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 жарлығына сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:

Қазақстан Республикасының президенті:

1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

3) Ассамблея басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босата алады;

4) Ассамблея сессиясына шақыра алады;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыра алады.

Үкімет жарлықтың осы жобасын президенттің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да