Сәтбаевта кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша үкім шықты

Істі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

Сотқа кім берілді?

Ерлі-зайыптылар Пр. пен П. жоғарыда көрсетілген айыппен сотқа берілді. Күдікті Г. тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеушімен Г.-ға қатысты іс оның өліміне байланысты тоқтатылған және сот қараған жоқ.

Сотта не анықталды?

2020 жылдың шілде айының 23-күні Г. мас күйінде өз үйінің кіре берісінде жас қыз бала жәбірленушіні кездестіріп, оны ұстап алып өзінің пәтеріне әкелген. Содан кейін Г. өзінің көршісі Пр.-ты шақырып алып, жәбірленушіге зорлық жасауды ұсынған, соңғы келіскен. Содан соң олар Пр.-дың жұбайы – сотталушы П.-ны шақырып алған, ол олардың қылмыстық пиғылдарын біле тұра, балаға тергеумен анықталмаған зат инъекциясын жасаған. Қыз бала есінен тана бастаған. Содан кейін Г. мен Пр. жас қыз балаға сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған және зорлаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің психика денсаулығына ауыр зиян келтірілген.

Алқабилер үкімі

Дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты Пр. мен П.-ны барлық бап бойынша кінәлі деп таныды. Пр-тың жазасын ауырлататын мән-жай ретінде онымен қылмыстарды мас күйінде жасағаны танылды. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Жоғарыдағыларды ескере отырып, Пр.-қа өмір бойына бас бостандығынан айыру және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздігі мекемесінде тағайындалды. Жазаның алғашқы 5 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтелуге жатады.

Әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға заң тыйым салады (ҚК-тің 46-бабы). Осыған байланысты, сотталушы П-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды..

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты.

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшылығымен, Қарағанды облысының әкімімен, құқық қорғау органдары басшылығымен кеңес өткізді.

ДереккөзHolanews.kz