20 маусым күні Алматыда бірнеше көше жабылады

20 маусымда сағат 00.00-ден 12.30-ға дейін қатысушылар жүгіретін көшелерде жолдағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағат 07.00-ден 12.00-ге дейін транспорт қозғалысы тоқтайды.

Қандай көшелер жабық болатынын төмендегі инфографикадан біле аласыз.

марафон
Инфографика: Аlmaty-marathon.kz