Ashyq енді банктердің мобайл қосымшасына енгізіледі

Министрдің айтуынша, Ashyq бағдарламасын енді арнайы жүктеп алмай-ақ оны eGov mobile қосымшасынан пайдалануға болады.

Сонымен бірге көпшіліктің пікіріне құлақ түріп Kaspi.kz қосымшасына да оның қызметін енгіздік. Қазіргі күні Халық банкінің қосымшасына Ashyq функциясын енгізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер тарапынан да түрлі ұсыныстар түсуде. Олардың да пікірлеріне назар аударып, қосымшаның қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз, — деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, қазіргі күні елімізде он мыңға жуық кәсіпорын Ashyq қызметін пайдаланады.

Бұл қосымша шын мәнінде көптеген кәсіпорындардың қайта ашылуына үлкен мүмкіндік берді. Күніне жүз мыңнан астам адам оның функциясын пайдалану арқылы қалаған жерлеріне кіріп жүр. Бағдарламаны мемлекет толықтай өз қарамағына алды. Және осы бағдарлама тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жеткізілді, — деді Бағат Мусин.