2022 жылға дейін Алматыда 80 жаңа жоба пайда болады

Жыл соңына дейін қалада сауда және қызмет көрсету саласында барлығы 80-ге жуық жаңа жоба пайда болады. Солардың бірі — Almaly Mall сауда, ойын-сауық орталығы. Оны осы жылдың қазан айында Бостандық ауданының Республика алаңында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, жаңа орталықта кемінде 70 сауда алаңын жалға беруге болады.

Тағы бір жоба — Алмалы ауданындағы Oxygen Plaza бизнес орталығы, оны маусым айында пайдалануға береді.

Ғимарат аумағы 24 мың шаршы метрден асады. Қосымша 3,5 гектар жерге түрік инвесторлары Downtown Almaty салуды жоспарлап отыр. Онда бизнес-орталықтар, люкс класындағы аппартаменттер және қонақ үй, молекулярлы ас үй мейрамханалары орналасады, — деді Еркебұлан Оразалин.

2021 жылдың желтоқсанында Медеу ауданында Құлжа трактінде MYCAR KZ. Автосалоны ашылады.

Біз ашық аспан астындағы автобазарлар форматынан ауысып жатырмыз. Бұл автосалон заманауи автомобиль орталығы, онда Алматы тұрғындары біраз уақыт мінілген автокөліктерді сатады және сатып ала алады, — деді Еркебұлан Оразалин.

Жаңа кәсіпкерлік нысандар Алматының шет жақтарында пайда болады. Мысалы, Солтүстік айналым ауданында 6 жоба іске қосылады, олардың бірі — аумағы 17 мың шаршы метр болатын «Рахат» базары.

Бұл базарда 120 сауда орнын ұйымдастыруға болады. Бұл — жылытылатын, кондиционер жүйесіне қосылған, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар ғимарат. Базарларды заңдастыру тауар айналымын да заңдастыруды қажет ететінін айтып өтейін. 6 базардағы тауар айналымы 400 миллион теңгеге дейін артады деп отырмыз, — деді ол.

2022 жылдың желтоқсанында Алматыда әуежай бағытына қарай Құлжа тракті аумағында Aport Mall сауда, ойын-сауық орталығы салынады. Оның аумағы 150 мың шаршы метр болады.

Бұл жобаның бірегейлігі – аумақтың тек 50%-і сауда бутиктерін орналастыруға арналады, қалған бөлігі көңіл көтерудің жаңа түріне – саябақ аймағы мен алма аллеясы бар «Ақылды демалыс» үшін пайдаланылады, — деді басқарма басшысы.

Еркебұлан Оразалин 2022 жылдың қарашасында құрылыс материалдарын сату бойынша тағы бір Leroy Merlin гипермаркетін іске қосу жоспарланғанын айтты.