Шарындағы сел: 2 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті

29 мамырда сағат 13.35-те Алматы облысы ТЖД-ға Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде балшық-сел жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Салдарынан 6 адам зардап шекті, 2 адам қайтыс болды, оның ішінде біреуі — кәмелетке толмаған бала, бір адам хабар-ошарсыз кетті, — делінген хабарламада.

Зардап шеккен адамдарға шұғыл медицина көмегі берілді, жоғалып кеткен адамдарды іздестіру-құтқару жұмысы ұйымдастырылды.

Балшық-сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруінен болған. Қысқа мерзімді нөсер жауған. Шамамен 15 минут бұршақ жауған.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-ның 31 қызметкері мен 8 техникасы, 4 жедел медициналық жәрдем көлігі мен оның 6 қызметкері, ЖАО және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.