Синоптиктердің болжамына қарағанда, 27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырда орталық және шығыс аймақтарында ауа райына Қара теңіз аудандарынан антициклон ықпал етеді.
Солтүстік ауа ағындары ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: батыс өңірлерде түнде 10-22 граусқа дейін, күндіз 27-35 гадусқа дейін жылы. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 17-28 градусқа дейін жылы. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, 28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер болады. Сонымен бірге қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.
Ауа температурасының төмендеуі республиканың оңтүстік өңірлеріне әсер етпейді. Олар әлі де жылы ауа массаларының ықпалында болады және тек фронтал бөліктердің ықпалымен елдің оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Айта кетейік, мұның алдында 25-27 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болатынын хабарлаған едік.