Ауа райы: Қазақстанда 25-26 мамыр күндері аптап ыстық болады

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы қалыпты болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты күн ыстық және құрғақ болады.

Еліміздің батысында 30-39 градус жылу күтіледі, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағаны күндізгі уақытта 32-38 градусты көрсетеді. Оңтүстікте 30-40 градус аптап, шығыста 30-36 градус ыстық болады. Алайда 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Батыс өңірлерде температура бағаны 25-33 дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 дейін айтарлықтай төмендейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 22-24 мамыр күндері республиканың бүкіл аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болатынын хабарлаған едік.