Алмасадам Сәтқалиев мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитария-эпидемиология ахуалы, сонымен бірге Қор қызметкерлерін вакцинациялау барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен бірге Алмасадам Сәтқалиев президентке газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральді су таратқышы мен «Достық-Мойынты» теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.