Қасым-Жомарт Тоқаев видеоүндеу жасайды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейне үндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді, — деп жазды Берік Уәли.

Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның http://webtv.un.org веб-сайтынан көруге болады.