Маңғыстау облысында екі мектеп оқушылары төбелесті

Жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін екі мектеп оқушылары төбелескен.

25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті.

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге үндеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от РЕКЛАМА КАЗАХСТАН / ЖАРНАМА (@reklama_kazakhstan_olx)