Мысыр жаңа астана салып жатыр (Фото)

Жалпы аумағы 700 шаршы шақырымды алатын қала шөл далаға салынады. Ол қазіргі астана Каирдың шығысында орналасқан. Жаңа астананы салу үшін 45 млрд доллар қажет. Бұл жобаны Қытай компаниялары қаржыландырмақ.

Мысыр, жаңа астана

Астана құрылысының бірінші кезеңі алдағы бес жылда аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақыт аралығында әкімшілік ғимараттар мен мемлекет басшысының резиденциясы салынып бітеді деп күтіледі.

Мысыр, жаңа астана

Шындығында бұл жоба 20 жылға кешіктіріліп басталды. Каирды алмастыра алатын мекенді іздедік. Мұнда билік пен мемлекеттік қызметкерлер тұратын болады, дейді Араб мердігерлерінің бас директоры Мохсен Салах ад-Дин.

Мысыр, жаңа астана

Қазіргі таңда 210 шақырымдық тас жол құрылысы басталып кетті Мохсен Салах ад-Диннің айтуынша, бұл көп мемлекеттердің тәжірибесінен өткен жоба. 20-ғасырда Түркия, Индия, Бразилия тәрізді мемлекеттер де мемлекет астаналарын өзгерткен.