Алматыда «Сапалы жол — Адалдық алаңы» жұмысының қорытындысы шықты

Брифингіге «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы филиалының директоры Мәулен Әліпов, Алматының мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан және Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков қатысты.

Бүгінде «Сапалы жол» жобасының мақсаты — автожол құрылысының барлық саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жүйесі.

Жобалық кеңсенің тұжырымдамасы азаматтық қоғамның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің міндетті қатысуымен жолдарды салу және реконструкциялау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде жария және ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Брифингі барысында спикерлер ағымдағы кезеңде жобалық кеңсе аясында 7 рет шығу барысында, 12 ескерту анықталғанын, оның 9-ы жойылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, аталған барлық бұзушылықты жою бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен бірге жосықсыз мердігер ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге жыл басынан бері «Сапалы жол» жобасы аясында «Жолдағы қабылдау» ақпараттық-түсіндіру акциясы белсенді жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты — жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне көктемгі су тасқыны кезеңінде автокөлік құралдарының салмақ параметрлері бойынша енгізілген уақытша шектеулер туралы түсіндіру.

Тәжірибе көрсеткендей, «Жолдағы қабылдау» акциясы халық үшін өте ыңғайлы.

Биыл ұзындығы 196,5 шақырым 200 көшенің жол жабынына орташа жөндеу жүргізу жоспарланды, қазіргі уақытта 25 көшеде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына қатысты туындаған сұрақтар бойынша тұрғындар 8 (707) 160-87-51 немесе 8 (727) 272-02-99 нөмірлері бойынша хабарласа алады,- деді Алматы мобильділік басқармасының өкілі.

Брифингі қорытындысы бойынша Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Игіліков автожол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық туралы қайда хабарласуға болатынын айтты.

Егер сізге автожол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы белгілі болса, сіз «Сапалы Жол» жобалық кеңсесіне 278-73-90 нөмірі бойынша немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 сall-орталығына хабарласа аласыз, — деді ол.