Ең арзан үйлер қай қалада екендігі анықталды

Бесінші орында Орал қаласы тұр. Мұнда желтоқсан айында орташа ұсыныс шаршы метріне 183 мың теңгені құрады. Мұндай көрсеткіш нарықта тұрғын үй бағасының 12 айда 21 пайыздық төмендеу көрсеткішінен соң қалыптасты. Жыл басынан бері үй бағасы шаршы метріне 49 мың теңгеге арзандаған.

Төртінші орында Өскемен қаласы тұр. Онда баға индексі желтоқсанда шаршы метріне 177 мың теңгеге арзандады. Бұл қалада қаңтар айында тұрғын үйдің шаршы метрі 26 пайызға жуық қымбат, яғни 238 675 теңге болған еді.

Петропавл қаласы үшінші орынға тұрақтады. Мұнда тұрғын үйдің шаршы метрі 173 мың теңге тұрады. Осыған дейін бұл елді мекен тұрғын үйі ең арзан аймақтардың бірінен саналатын. Жыл басынан бері баға 23%-ға немесе 53 мың теңгеге арзандады.

Екінші орында Тараз қаласы тұр. Бұл қалада желтоқсан айындағы баға индексі шаршы метріне 161,1 мың теңге болды. Жыл соңында тұрғын үйдің шаршы метрінің көлемі 71 мың теңгеге арзандады.

Ең арзан үй бағасы Ақтөбе қаласында екендігі анықталды. Онда ұсыныс индекстері 161 мың теңгеге тең. Бұл қала осыған дейін үшінші орында тұрған болатын. Алайда тұрғын үй бағасы 32%-ға төмендеп, бірінші орынға шығуға себеп болды.

Дереккөзegemen.kz