Биыл соңғы қоңырау салтанаты қалай өтеді?

Шолпан Каринованың айтуына қарағанда, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі.

Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сонымен бірге 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штат режимінде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады, — деді ол.

Вице-министр сонымен бірге екі нұсқа ұсынылып отыр, яғни сынып ішінде немесе онлайн түрде өткізу қарастырылғанын айтты.

Қажет деп санаса, сынып ішінде өткізу нұсқасы ұсынылады. Ал қашықтан оқытып жатқандар үшін соңғы қоңырау мерекесі онлайн режимде болады, — Шолпан Каринова министрліктің аппарат жиналысында.

Мұнымен қоса ол оқу жылының аяқталуына байланысты педагогикалық қағидатты сақтау үшін әртүрлі сыйлықты алуға рұқсат етілмейтінін еске салды.

Жалпы, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушысы үшін белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыстың басталуы. Ал мектеп түлектері 9 және 11 сыныптар үшін мектеп бітіру іс-шарасы болып саналады. Атап айтқанда, штаттық режимде (соңғы қоңырау) өткізілетін жағдайда барлық санитария талабы қатаң сақталуын мектеп әкімшілігі назарға алуға тиіс. Әр оқушымен, әр мектеп бітірушімен келетін ата-ананың саны бірден аспауы керек. Мұның өзі санитария талабының сақтауға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.