«Ұсынбалы баға» тізімі БАҚ пен интернет-ресурстарда жарияланып, баннерлерге жазылып, сауда нысандарында ілінетін болады. Бұл сатушы үшін де, тұтынушы үшін де «түсінікті баға белгілеуді» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» — дейді министрліктен.
Ал, жергілікті атқарушы органдар сауда желілеріндегі тауарлардың қолжетімділігіне мониторинг жасап отырады. Осы арқылы бағаны қымбаттатқан сатушыларды тәртіпке шақыруға болады. Егер жаңалық қабылданатын болса, қазақстандықтардың өздері көпшілікке қажетті өнімдердің бағасын бақылай алады.
