Ләйлә Сұлтанқызы «Әйел бақыты» кітабын шығарады

Жыл соңында «Меломан» дүкендер желісі 2016 жылда ең көп сатылған кітаптар тізімін жариялады. Ләйлә Сұлтанқызының «Менің екінші кітабым» туындысы бұл тізімде 4-орынды иеленді. Жарты жыл ішінде аталмыш кітаптың 5 мың данасы сатылып кеткен.

«Бұл кітаптың 4-орынға шығуы тек сіздердің арқаларыңызда. Жаңа кітап келесі жылы 1-орынға шығатынына күмәнім жоқ. Көп рақмет», — деп жазды ЛәйлӘ Сұлтанқызы.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы 2017 жылдың көктемінде аталмыш кітаптың жалғасының жарыққа шығатынын мәлімдеді. Автор өз өмірінен сыр шертіп, қазіргі уақытта елімізде ең танымал бағдарманың бірі «Әйел бақытымен» атамақ.