Елімізде коронавирустан қайтыс болғандар саны күрт көбейді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 мамырдағы мәліметі бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика, коронавирус

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды, 65 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 53 122 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 51 935-і аурудан айықты. 817 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте 2 298 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.