Денсаулық сақтау министрлігінің 2 мамырдағы мәліметі бойынша, 43 707 адам (43 198 КВИ+ және 509 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 15 065 пациент, амбулаторияда 28 642 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 799 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр. 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
30 сәуірдегі мәлімет бойынша, 129 жаңа дерек тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталған. 105 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 53 071 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 51 755-і аурудан айықты. 807 науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 325 мыңнан асты.

