Apple сымсыз құлаққап шығарды

AirPods сымсыз құлаққабы iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған. Компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды. Бұл 53000 теңгеге жуық қаражат.

Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады. Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады.

Қазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елде қолжетімді болып отыр.

Дереккөзnaryk.kz