Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 30 сәуірдегі мәліметі бойынша, 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 15 207 пациент, амбулаторияда 27 523 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 763 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр. 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
28 сәуірдегі мәлімет бойынша 105 жаңа дерек тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды, 95 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 52 844 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 51 555-і аурудан айықты. 794 науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 320 мыңға жуықтады.
