Геннадий Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде

ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.

«Геннадий Головкин — біздің ғасырдың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарына өзіне соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады», — деді Джим Лэмпли өзінің The Fight Game with Jim Lampley бағдарламасында.

Комментатор бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған. «Ломаченко өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу — қиынға соғатынын дәлелдеді», — деді ол.

Үздік бестік қатарында никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев кірді.

34 жастағы спортшы, Геннадий Головкин, кәсіби боксқа 2006 жылы келген болатын. Қазіргі уақытта Головкинге орта салмақтағы барлық атақты иемдену үшін WBO белбеуін жеңіп алу ғана қалды. 

ДереккөзVesti.kz