Басты бетҚоғамТүркістан облысында...

Түркістан облысында ҰОС ардагерлеріне бір миллион теңгеден беріледі

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен бірге Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған.

Жалпы, Түркістан облысыны бойынша 6 808 ардагерге 9 мамыр мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 миллион теңге қаржы бөлінді. Төлемдер 4 мамырға дейін толық аяқталады, — делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • 28 Отан соғысына қатысушысы мен мүгедегіне – 1 миллион теңге теңге;
  • 6 722 тыл еңбеккері мен қаза болған жауынгердің жесіріне – 30 000 теңге;
  • 55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесіріне – 60 000 теңге;
  • 3 кәмілетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңге белгіленді.

Түркістан облысы бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылады.

Түркістан облысының барлық аудан, қалалсында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі. Ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп өткізілетін шара барысында карантин талаптары қатаң сақталады. Онда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан ардагерлерге құттықтау тілегі жеткізіліп, сый-құрмет көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, облыс бойынша Отан соғысы ардагерлері тұрғын үймен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, мұның алдында Нұр-Сұлтанда тұратын соғыс ардагерлеріне мерекеге орай қандай төлемдер берілетінін хабарлаған едік.