Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясында айтты.
Қазақстанның тұңғыш президенті Ассамблеяның барлық мүшесіне әрбір жыл үшін рақмет айтты.
Бұл маңызды жұмыс болды. Бірақ маған Қазақстан халқы ассамблеясын басқару құқығы өмір бойы тиесілі екені белгілі. Мен әрқашан сіздермен бірге боламын. Бұл ретте енді ел президентінің алдында бірқатар өкілеттік бекітілген. Яғни, барлық сұрақ бір қолда болуға тиіс. Мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқару құқығымды Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруді ұйғардым, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, 21 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары болып Марат Әзілханов тағайындалды.