Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Марат Әзілханова 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туған.

1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

1988-1992 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігер-интерні, Қызылорда қаласының №5 емханасының хирург дәрігері болған.

2011-2013 жылдары Дін істері агенттігінің төраға орынбасары қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары Дін істері агенттігінің төрағасы болды.

2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2018-2019 жылдары Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың 4 сәуірінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.