Бораннан Қазақстанның үш облысындағы жолдар жабылды

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметінше, бүгін таңертең Алматы облысы аумағындағы «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Түнгі 01:30-дан бастап Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымындағы Айша Бибі-ОҚО шекарасына дейінгі учаске жабық тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 593-611 шақырымындағы Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылы аралығында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

ДереккөзҚазАқпарат