«Бір адам ақталды, 50-і кінәлі деп табылды». Қордай оқиғасы бойынша үкім шықты

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2021 жылы 27 сәуір күні Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік бойынша үкім шығарды. 2020 жылдың 7-8 ақпаны аралығында Қордай ауданы Масаншы, Бұлар-баты және Ауқатты ауылдарында жаппай тәртіпсіздік болып, салдарынан 10 азамат қаза тапты, тағы бір адам жанып жатқан ғимаратқа құлап, көз жұмды, — деді Берік Құлтасов.

Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов 158 азамат пен 20 полиция қызметкері жарақат алғанын айтты.

Жаппай тәртіпсіздік кесірінен 156 тұрғын үй мен сауда нысандары, 102 автокөлік құралы бүлініп, меншік иелеріне келтірілген залал 829 миллион 848 мың теңге болды. Жамбыл облысы полиция департаментінің 10 автокөлігі зақымдалды. Мемлекетке 3 миллион 291 мың теңге залал келтірілген, — деді ол.

Берік Құлтасов
Берік Құлтасов. Тікелей эфир скрині

Берік Құлтасов сонымен бірге бұған дейін сот үкімі бойынша бұзақылық әрекеттермен денсаулыққа зиян келтіріп, билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін 6 адам сотталғандығын айтты.

Оның айтуынша, іс бойынша 51 адам айыпталушы ретінде сотқа беріліп, оның ішінде 33-і қамауда, 18 адам жеке кепілдік және ешқайда кетпеу қолхаты бойынша ұсталған. Сотталушыларға түрлі, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылды.

Сот заң мен сот алдындағы теңдік принципін басшылыққа алып, жиналған дәлелдеме мен қылмыстық заңнамада көрсетілген жаза аясында келесі шешімдерді шығарды: 50 адамды кінәлі деп танып, бір адамның кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты оны ақтады. Сотталушылардың кінәлары молекулярлық, сот-тергеу қорытындылары мен жасырын бейнебақылау дәлелдемелерімен толық дәлелденген, — деді Берік Құлтасов.

Айыпталушылар Үкім
1. Сейілханов, 83 жылғы – 272 бап (3-бөлік), «Жаппай тәртіпсіздік» екі жылға бостандығы шектелді
2. Серіков, 81 жылғы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
3. Есет Қалниязов – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
4. Дастан Қалниязов, 91 жылғы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
5. Құдырет Мұхтарұлы – 272-бап (3-бөлік) екі жылға бостандығы шектелді
6. Мейрамбек Рашидұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
7. Бақытжан Жолдасбекұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
8. Аян Бақытжан Әскербеков, 97 жылғы – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
9. Шамиль Харсанов – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
10. Жасұлан Мыңжасаров – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
11. Нұрбол Асланұлы – 272-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
12. Алмас Әубәкіров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
13. Бақыт Мақсұтов 5 жылға бостандығы шектелді
14. Мақсат Мажыраев – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
15. Саян Сапарбекұлы – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
16. Байке Құрманғазыұлы – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
17. Сағынтай Ишкеев – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
18. Шакир Мауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
19. Аидир Машанло 5 жылға бостандығы шектелді
20. Бакир Дауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
21. Исмар Ушуров – 272-бап (2-бөлік) толық ақталды
22. Закир Юнху – 272-бап (2-бөлік) 6 жылға бостандығы шектелді
23. Ролан Шогелов – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
24. Қуаныш Сәрсенбаев – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
25. Төлеген Балғабеков – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
26. Сапар Әлиев – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
27. Мурат Қибеков – 272-бап (1,2,3-бөлік) 3 жылға бостандығы шектелді
28. Мақсат Чарабас – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
29.Бақытбек Ибрагимов – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
30 Елдар Нұрәлі – 272-бап (1,2,3-бөлік) 3 жылға бостандығы шектелді
31. Саров Харки – 272-бап (2-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
32. Азамат Ториев – 272-бап (2-бөлік), 180-бап (3-бөлік). 5 жылға бостандығы шектелді
33. Ақжол Әлімбай – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы) 5 жылға бостандығы шектелді
34. Нұржан Иманбаев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы) 5 жылға бостандығы шектелді
35. Руслан Телғазиев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап (3-бөлік) 5 жылға бостандығы шектелді
36. Әділет Бажанов – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
37. Юсуп Шинху – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 6 жылға бостандығы шектелді
38. Эрсе Дауров, – 272-бап (2-бөлік), 381-бап, (3-бөлік ) 16 жыл түрме жазасы
39. Мадияр Жунусов – 272-бап (2-бөлік), 380-бап 1-бөлік 5 жыл түрме жазасы
40. Медет Тоқобай — 99- бап ( 2-бөлік), 272-бап 17 жыл түрме жазасы
41. Әнуар Оразай, 287-бап, 192-бап, 272-бап 11 түрме жазасы
42. Жұмахан Ботабасов, 99-бап (2-бөлік), 272-бап 20 жыл түрме жазасы
43. Ринат Иманғазиев, 192-бап, 272-бап 7 жыл түрме жазасы
44. Юбур Чиншанло, 99-бап, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
45. Сангуй Шимар, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
46. Ислам Зимуров, 272-бап, 99-бап 5 жыл түрме жазасы
47. Хижин Исмар, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
48. Хижин Мухарме, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
49. Мадияр Кәрібаев, 272-бап 16,5 жыл түрме жазасы
50. Мақсат Солтонаев, 272-бап, 287-бап, 97-бап 17 жыл түрме жазасы
51. Ерік Бәйтенов, 272-бап, 282-бап, 98-бап 15,5 жыл түрме жазасы

Кесте Azattyq.org сайтынан алынды

Еске салайық, 2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болып, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Көп ұзамай құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандырды. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты. Жергілікті тұрғындардың бір тобы Қырғызстан аумағына өтіп кеткен. Ішкі істер министрлігі оқиғаның себебі мен негізгі арандатушысы анықталғанын мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 1 наурыз – Алғыс айту күні Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті.

ДереккөзҚазАқпарат