Басты бет / Жаңалықтар /
Асқар Мамин
Фото: Primeminister.kz

Асқар Мамин астанадағы туристік аудан құрылысын көрді

Жобаның инвесторы — БАӘ-ден девелопер Ellington Properties Development LLC компаниясы, бас мердігер – Renaissance Construction компаниясы.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарына қарағанда, жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешен аумағы 2,6 миллион шаршы метр, қосымша құрылыстар аумағы 333 гектар құрайды. Мұнда аумағы 15 мың шаршы метр болатын аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, террасалар, кеңсе және коммерциялық үй-жайлар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және тағы басқа орналасады.

7bee804ab0606a5a8c050887206a5c48 Асқар Мамин астанадағы туристік аудан құрылысын көрді
Фото: Primeminister.kz

Жобаның бірінші кезеңін (29 гектар) 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.

db29eccaf7d3d67f467a6c7e31a14d65 Асқар Мамин астанадағы туристік аудан құрылысын көрді
Фото: Primeminister.kz

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram