Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты

Жаңа дерек Алматы (698) мен Нұр-Сұлтанда (511); Қарағанды (228), Ақтөбе (226), Алматы (195), Батыс Қазақстан (181) облыстарында көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 48 993 (+698);
Нұр-Сұлтанда — 41 725 (+511);
Шығыс Қазақстан облысында — 24 227 (+98);
Қарағанды облысында — 21 627 (+228);
Атырау облысында — 21 179 (+133);
Павлодар облысында — 20 039 (+48);
Алматы облысында — 19 556 (+195);
Батыс Қазақстан облысында – 18 104 (+181);
Ақмола облысында – 17 276 (+126);
Қостанай облысында — 14 522 (+31);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 738 (+41);
Шымкентте — 8 667 (+131);
Ақтөбе облысында — 8 279 (+226);
Жамбыл облысында — 7 337 (+70);
Маңғыстау облысында — 5 311 (+67);
Түркістан облысында — 5 120 (+39);
Қызылорда облысында — 5 033 (+71).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 300 733-ке жетті, оның 257 278-і жазылып шықты. Бір тәулікте коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 32 науқас қайтыс болды.