Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 32 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 сәуірдегі мәлімет бойынша, 40 441 адам (39 943 КВИ+ және 498 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 387 пациент, амбулаторияда 26 054 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 689 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр. 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

21 сәуірдегі мәлімет бойынша 107 жаңа дерек тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды, 80 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 52 255 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 993-і аурудан айықты. 764 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты.