Басты бетМедицина"Эпидемиямен қалай...

«Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін». Елжан Біртанов соттан өзін босатуды сұрады

Елжан Біртанов сот отырысында бостандықта жүрсе, эпидемиямен күресуде қоғамға пайдасы тиетінін айтты.

Менің еш кінәм жоқ және өзіме тағылған айыппен келіспеймін. Құрметті судья, мені босатуыңызды сұраймын. Себебі, мен қазір қамауда отырғанымнан гөрі бостандықта жүрсем, эпидемиямен күресуде қоғамға көбірек пайдамды тигізер едім. Менің денсаулық сақтау, медицина саласында жиған көп жылдық тәжірибем жеткілікті. Сондықтан эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін, – деді Елжан Біртанов.

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов сот отырысында. Фото: Informburo.kz

Бүгін экс-министрдің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Прокурорлар Елжан Біртановтың үй қамақ мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартуды сұрады. Олардың айтуынша, егер Елжан Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін.

Еске салайық, 2020 жылы жазда президент жарлығымен Елжан Біртанов қызметінен босатылған еді. Қараша айында оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Кейін экс-министр үйқамаққа алынғаны хабарланды.

2021 жылдың 28 наурызында Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды.

ДереккөзInformburo.kz