Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды

26 наурызда сағат 22.47-де Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартты.

Судья шешімі себебі белгілі. Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті үй қамауына алу да негізсіз, — деді Дмитрий Куряченко.

Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Кураченко экс-министр үйқамақта екенін хабарлады. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартқан еді.

Содан кейін 2021 жылдың наурызының соңына дейін ұзартты. Ол кезде экс-министрдің адвокаты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа “Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.