Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Еске салайық, кеше театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева 73 жасында қайтыс болды.