Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршау салу жұмыстары басталды

Қазіргі уақытта 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған «Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі» бойынша екі ел арасында шекара белдеуі орнатылуда. Ал, демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Шекара аумағында жаңа қоршаулар тұрғызу жұмыстарын «2016» әскери бөлімі жүргізіп жатыр.

Бұл жұмыстар бұрын басталуы тиіс еді. Бірақ әртүрлі себептермен жүргізілмей келді. Тек биылғы жылдың 14 сәуірінде шекарашылар құрылыс жұмыстарына кірісті. Шекара қоршауы жұмыстары жүргізілмес бұрын, 13 сәуірде әкімдік, шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдері Көптоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұмыстардың заңдылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда, шекара қызметі мен құқық қорғау органдары да жасалып жатқан жұмыстардың заңдылығын ұғындырды,-деді Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мұрзиев.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері түсіндіргендей, 2013 жылдың мамыр айында орнатылған №23 және №24 шекаралық белгілер арасындағы металл қоршаулар РФ аумағына қарай 10-70 метрге аралықта орналасқан.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында орналасқан ұзындығы 1800 метр қоршауларды тұрғызу үшін инженерлік жұмыстар Көптоғай ауылында жүргізіледі.