Қазақстанда радиобайланыс құралдары жасалып шығарылады

Қорғаныс саласында электронды-оптикалық өнім дайындайтын қазақстандық зауыт шетелдік компаниямен келісімге қол қойды. Алдағы уақытта еліміздің Қарулы Күштері мен арнайы орган қызметкерлері өзіміздің байланыс құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Осы жоба 20 адамнан басталады. Бұл – бөлек жоба. 96 кісіге, 20 адам қосылады. Бұл телекоммуникация саласында оқыған мамандар болуы керек, әрине. Шетел тілін білулері керек. Қазақстанда төлемақы, бағдарлама саласы осында жасалады. Келешекте сырт саймандары да осында жасалатын болады», — дейді «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Абиыр Алшынбай.

Шетелдік тауарларды алмастыратын отандық өнімнің алғашқы легін бірінші жартыжылдықта шығару жоспарланған. Зауыт жылына 3000 данаға дейін кәсіби радиобайланыс құралдарының алты түрін құрастыруды көздеп отыр.

ДереккөзХабар24