Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 17 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 757 адам (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 12 933 пациент, амбулаторияда 23 824 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 641 адамның жағдайы ауыр, 159 пациенттің жағдайы өте ауыр. 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

bac3bb6b7ba922e2d4c13b55bed916b9 Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам қайтыс болды

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

15 сәуірдегі мәлімет бойынша 68 жаңа дерек тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталды, 72 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 763 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 550-і аурудан айықты. 748 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 3 мыңға жуық адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да