Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
15 мамырдан бастап Air Astana Алматыдан Батумиге қатынайтын жаңа рейсті іске қосады. Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі мен сенбі сайын Airbus A320 ұшағында Батумиге сапарлап баруға мүмкіндік бар, — делінген хабарламада.
Әуе компанияның хабарлауынша, екі жаққа билет құны 131 мың теңгеден басталады.
Батуми — Грузиядағы Аджария автономды республикасының астанасы, Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан туризм орталығы.