Басты бет / Жаңалықтар /
10a8eeb300d78b80b71dea78888323e2 Биыл Алматы тауларында көп турист адасты
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Биыл Алматы тауларында көп турист адасты

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуына қарағанда, Алматы тұрғындары пандемия кезінде тауға төрт есе көп баратын болған. Азаматтарға қолжетімді болуы үшін туристік қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Былтыр таулы жерлерде 4 визит-орталық салынды, 1 000 шақырым жаяу жүргінші жолы цифрландырылды, 500 шақырым жол абаттандырылды. Биыл қосымша 172 шақырым тау бағыттары абаттандырылады.

Таулы жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзге де жобалар пысықталып жатыр. Биыл тауда туристер бағыттан жиі адасты, ұялы байланыс нашар ұстайтын 14 қауіпті аймақ жабылды. Сонымен бірге тауда құтқарушылар пультіне апат сигналдарын беру үшін қосымша 10 радиорелелік мачталар орнатылады, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook