Басты бет / Жаңалықтар /
коронавирус
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 12 324 пациент, амбулаторияда 22 854 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр. 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

43cc5dd5346b4155c4c617cba4b35397 Коронавирус пен пневмониядан тағы 28 адам қайтыс болды

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

11 сәуірдегі мәлімет бойынша 10 жаңа дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды, 101 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 409 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 203-і аурудан айықты. 731 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 мыңнан астам адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram